NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Негізгі терминдер мен анықтамалар

13. «Оқушылар» ДБ-ны қалыптастыру





  1. Тестілеу аяқталғаннан кейін жауап парақтарын сканерлеу арқылы «Оқушылар» ДБ қалыптастырылады.

  1. «Оқушылар» ДБ келесі деректерден тұрады:

«Тегі»;

«Аты»;

«Жынысы»;

«Туған жылы»;

«Ұлты» - ақпараттық анықтамалыққа сәйкес толтырылады;

«Мектеп»;

«Сынып»;

«Нұсқа»;

«Жауаптар қатары».

  1. Компьютерлік тестілеуде «Оқушылар» ДБ-сын қалыптастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО, «Оператор» АЖО және «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО телекоммуникациялық желі бойынша немесе электрондық тасымалдағышта ҰБТӨП-ке жіберіледі;

  2. ҰБТӨП-те «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-ны қондыру жүзеге асырылады және ҰБТӨП ерекшелігіне қарай икемделеді;

  3. мектепте АББ-да (ҚББ-да) бекітілетін оқушылар тізімін қалыптастыру жүргізіледі;

  4. ҰБТӨП мектеп бойынша жауаптыны «Оператор» АЖО және «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-мен жұмыс жасауға оқытады;

  5. ҰБТӨП мектеп бойынша жауаптыға «Оператор» АЖО және «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО, ақпараттық анықтамалық және нормативтік құқықтық актілерді жібереді;

  6. мектепте «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО және «Оператор» АЖО-ны қондыру жүзеге асырылады және оқушылар тізімі негізінде ақпаратты енгізу қамтамасыз етіледі және «Оқушылар» ДБ келесі деректерден құрылады:

«Тегі»;

«Аты»;

«Әкесінің аты»;

«Жынысы»;

«Туған жылы»;

«Ұлты» - ақпараттық анықтамалыққа сәйкес толтырылады;

«Мектеп»;

«Сынып»;

  1. мектеп компьютерлік сыныптар қорын анықтайды және АББ-да (ҚББ-да) бектілетін тестілеу кестесін құрастырады. Бұл мәліметтер «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-ға енгізіледі;

  2. оқушыларды лектерге бөледі және тестілеу күнін оқушыларға хабарлайды;

  3. мектеп қалыптастырылған «Оқушылар» ДБ-ны ҰБТӨП-ке тапсырады;

  4. деректерді жинақтағаннан кейін ҰБТӨП телекоммуникациялық желі арқылы деректерді ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.



14. Тестілеуді өткізу


  1. ОЖСБ өткізу:

  1. тестілеу басталмас бұрын Миинстрлік өкілі аудиторияның дайындығын тексереді, кезекшілерді аудиторияларға бөледі және тестілеу материалдарын осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес актімен береді;

  2. оқушылар аудиторияға бір-бірден кіргізіледі. Кезекші оқушылардың сөмкелерін, кітаптарын және т.б. бөтен заттарын тестілеу болатын аудиторияның алдында қалдыруын қадағалайды;

  3. тестілеу материалдары салынған қорапта:

осы нұсқаулықтың 7 қосымшасына сәйкес тестілеу материалын ашу актісі;

жауап парақтары;

сұрақ-кітапшалары;

тестілеу аяқталғаннан кейін жауап парақтарын салып, бекітетін «Интервоид» пакеті;

  1. тестілеу материалдарын таратпас бұрын кезекші оқушылардың тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін тағы да естеріне салады;

  2. алдымен оқушыларға осы нұсқаулықтың 8 қосымшасына сәйкес жауап парақтары таратылады. Таратып болған соң кезекші оны толтыру принципін түсіндіреді. Жауап парағы қара автоқаламмен толтырылады;

  3. жауап парағын толтыру ережесі:

«Тегі – Фамилия» секторындағы жоғарғы бос торшаларға көлденең бағытта оқушының тегі баспа әріптермен жазылады. Әрбір торшаның астындағы дөңгелекшеден сәйкес әріптерді тауып, бояйды. «Аты – Имя» секторы да осы ретпен толтырылады;

«Жынысы-Пол» секторында оқушының жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;

«Туған жылы-Год рождения» секторында оқушының туған жылының соңғы екі санының дөңгелекшелері боялады;

«Ұлты-Национальность» секторында ақпараттық анықтамалыққа сәйкес оқушының ұлтының санын көрсететін дөңгелекшелер боялады;

«Мектептің атауы-Название школы» секторында оқушы оқитын мектебінің атын және сыныбын баспа әріптерімен толтырады;

«Нұсқа-Вариант» секторында оқушылар сұрақ кітапшасындағы нұсқаның нөмірін оларды алғаннан соң көрсетеді;

пәндер бойынша сұрақтардың жауаптары сәйкес секторға боялады;

«Қолтаңба-Подпись» секторына оқушының қолы қойылады;

  1. жауап парағы қате толтырылған жағдайда, оқушыға жаңа жауап парағы берілмейді;

  2. жауап парағының қызметтік секторлары толтырылғаннан кейін сұрақ-кітапшалары таратылады. Сұрақ-кітапшалары қатар отырған оқушыларға бірдей нұсқа түспейтіндей етіп таратылады. Оқушылар сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмірін жауап парағына көшіріп жазады және сұрақ-кітапшасының мұқабасы баспа әріптерімен толтырылады;

  3. қызметтік секторларды толық толтырғаннан кейін кезекші тақтаға тестілеудің басталу және аяқталу уақытын жазады. Осы мезеттен бастап сұрақтар беру және түсіндіру жұмыстары тоқтатылады. Тестілеу уақыты 120 минут (2 сағат ). Сұрақ-кітапшаларын тарату мен жауап парақтарының қызмет секторларын толтыру тестілеуге берілген таза уақытқа кірмейді;

  4. тестілеу кезінде кезекшіге аудиториядан шығуға болмайды, ол оқушылардың тестілеу кезіндегі тәртіп сақтауларын қадағалауы тиіс. Аудитория кезекшісі оқушыларға әрбір 30 минут сайын қанша уақыт өткенін ескертіп отыруы керек;

  5. тестілеу кезінде аудиторияға тек қана Министрлік өкілінің кіруіне рұқсат етіледі;

  6. тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу материалдарын: жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларын кезекші әрбір оқушыдан жеке-жеке қабылдап алады. Оқушының оларды кезекшіге жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсыруына болады. Кезекші оқушының жауап парағының барлық қажетті секторларының және сұрақ-кітапшасының мұқабасының толық толтырылуын тексереді;

  7. кезекші барлық оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдап алғаннан кейін оларды Министрлік өкіліне осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес акт бойынша тапсырады;

  8. оқушылардың барлық жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) «Интервоид» пакетіне салынады және мөрленеді, ал сұрақ кітапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) қорапқа салынады;

  9. Министрлік өкілі ОЖСБ нәтижелерін өңдеу үшін тестілеу материалдарын базалық ҰБТӨП жеткізеді.

  1. Компьютерлік тестілеуді өткізу:

  1. оқушылар компьютерлік сыныпқа аудиториялық тізім бойынша рұқсатнама арқылы кіргізіледі;

  2. компьютерлік сыныпқа сөмке, кітап, ұялы телефон және тағы басқа бөгде заттарды алып кіруге рұқсат етілмейді;

  3. оқушылар компьютер сыныбындағы кез келген бос компьютерге отырады. Тест тапсырмалары компьютер мониторынан оқылады;

  4. оқушыларды кіргізу тестілеу басталды деп хабарланғаннан сәттен бастап тоқтатылады;

  5. оқушы өзін тәртіпті ұстайды және мектеп бойынша жауаптыны мұқият тыңдайды;

  6. тестілеу кезінде берілген үзіліс уақытынан басқа кезеңде компьютерлік сыныптан шығуға және тестілеу барысында бір компьютерден екінші компьютерге ауысып отыруға, көшіруге, сөйлесуге рұқсат етілмейді;

  7. оқушы компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасағанда мұқият болуы керек;

  8. компьютерлік тестілеу барысындағы жұмыс жасау реті:

«Тестіленуші» АЖО бағдарламасы қосылғаннан кейін, оқушылар тізімнен өзінің фамилиясын, аты-жөнін, әкесінің аты-жөнін осы нұсқаулықтың 9 қосымшасына сәйкес таңдайды;

тестілеуді бастау үшін бағдарламадағы «Тестілеуді бастау» тетігін басасыз. Пайда болған бағдарлама терезесіне рұқсатнамадағы пароль жазылады. Әрбір тестіленуші үшін пароль жеке!

жеке пароль енгізілгеннен кейін барлық тестіленуші үшін ортақ, тестілеу коды енгізіледі. Ол тақтаға жазылады;

пароль мен тестілеу коды енгізілгеннен кейін осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес, бір пәннің тестілеу формасы ашылады;

ол жердегі жұмыс терезесінің оң жақ бұрышында «әр пәнге бөлінген уақыт» көрсетіліп тұрады;

тестілеу басталғаннан кейін уақыт автоматты түрде қосылады;

пәнді таңдау барлық тестіленушілер үшін тізімге сәйкес және барлығы үшін бірдей;

оқушылар компьютерде 30 минут уақыт жұмыс істегенннен соң 10 минуттық үзіліске шығады;

осы уақытта бағдарлама автоматты түрде жабылады;

үзіліс уақыты тестілеуге берілетін таза уақытқа кірмейді;

үзілістен кейін оқушы кез келген компьютерге отыра алады;

келесі пән бойынша тестілеуді бастау үшін, оқушы тағы да рұқсатнамадағы паролін және тестілеу кодын енгізеді;

тестілеу уақыты 120 минут (2 сағат);

  1. әр пәнді тестілеуден кейін желі немесе электрондық тасымалдау бойынша әр оқушының жауаптары «Компьютер сыныбы» АЖО-ға беріледі немесе жинақталады;

  2. «Компьютер сыныбы» АЖО-ға барлық нәтижелер жинақталғаннан кейін «Тестіленуші» АЖО-ға келесі пәннің аудиториялық тізімі беріледі;

  3. тестілеу күні аяқталғаннан кейін мектеп бойынша жауапты ҰБТӨП-ке тестілеу нәтижелерін жібереді.




страница 1страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6


скачать

Другие похожие работы: